БиоМакс Омега-3 туралы қосымша ақпарат алу
үшін сіз бізбен байланыса аласыз

+7 701 767 2177
kazakhstan@agetissupplements.com

Басты бет Білген пайдалыБізбен байланысу

Омега - 3

Дұрыс балық майы сіздің ағзаңыздың сұлулығы мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Біздің денсаулығымыз үшін майдың барлық түрі зиянды емес. Омега - 3 май қышқылдары пайдалы майлардың үлгісі болып табылады: олар жүрек-қан тамырларының аурулары, артрит, терінің құрғауы қаупін төмендетеді және шаш пен тырнақтың жағдайын жақсартады. Өкінішке орай, біздің ағзамыз оларды өз бетінше өндіре алмайды, сондықтан біз оларды азық-түліктен алуымыз керек.

Негізгі үш омега-3 май қышқылы бар, олардың ішінде ең құндысы - балықта болатын докозагексаен қышқылы (DHA) және эйкозапентаен қышқылы (EPA) болып табылады.

Альфа-линолен қышқылы (ALA) ретінде белгілі үшінші майлы қышқыл өсімдік майларында, зығыр тұқымында, жаңғақ және асжапырақ сияқты қою жасыл жапырақты көкөністерде бар.

Майлы балық, мысалы, анчоус, ақсерке, майшабақ, өзен бақтағы, сардина және тунец EPA және DHA-ға бай.

IЕгер сіз балықты ұнатпасаңыз және/немесе сізде оны үнемі жеу мүмкіндігі болмаса, сіз дәрігермен кеңескеннен кейін арнайы тағамдық қоспалардан Омега-3 қажетті мөлшерін ала аласыз. Қолданар алдында тағамдық қоспадағы Омега-3 мөлшері мен түрін анықтау мақсатында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, өйткені сапалық және сандық құрамы оның тиімділігіне әсер етеді.

Омега - 3 пайдалы тиімді дозасы күніне 840 мг, яғни 1 капсуладағы БиоМакс Омега-3 мөлшері жүрек, ми және көздің қалыпты функциясын қолдауға көмектесетіні дәлелденген. [11]

Омега-3 қабылдау кімге пайдалы

Жүрек аурулары

Жүрек аурулары бар адамдарға күніне 840 мг Омега-3 қабылдау ұсынылады. Миокард инфарктісін бастан кешкен пациенттерге де Омега-3 қабылдау керек, себебі зерттеулер Омега-3 қайталама жүрек ұстамаларының санын азайтады және пациенттердің өмірін ұзартатынын көрсетті. [12]

Жүрек ырғағын қалпына келтіру

Май қышқылдары сондай-ақ жүрекке тұрақтандырғыш әсер етеді - жүректің жиырылу жиілігін төмендетеді және аритмияның алдын алады. [12]

Үшглицеридтердің төмендеуі

Омега-3 жүрек-тамыр ауруларының пайда болуымен тікелей байланысты үшглицеридтердің жоғары деңгейін төмендетуі мүмкін. Дегенмен, қандай да болсын Омега-3 қоспаларын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу керек. [12]

Ревматоидты артритке жақсы әсер етеді

Зерттеулер көрсеткендей, майлы қышқылдар ревматоидты артриті бар пациенттерде буындардың ауырсынуын және қимылсыздығын азайтуы мүмкін. Омега-3-ке бай өнімдер қабынуға қарсы препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. [6,8,14,15]

Терінің шымырлығын сақтау

Омега - 3 тағамдық қоспалары биологиялық қартаюды баяулатуы мүмкін. Омега-3 майлы қышқылдары коллагеннің бұзылуының алдын алып және қартаю үдерісін баяулатып, созылмалы қабынуды азайтады. жирные кислоты уменьшают хроническое воспаление, предотвращая разрушение коллагена и замедляя процесс старения. Экземадан және псориаздан зардап шегетін адамдар Омега-3 қабылдаған кезде тері жағдайының жақсарғанын байқаған. Омега-3 қышқылдары әсерінің нәтижесінде терінің иілгіш коллаген негізі бұзылуын тоқтатып, біртіндеп қалпына келе бастайды, сол арқылы теріге өзінің иілгіштігін және сау сыртқы келбетін сақтауға мүмкіндік береді. [15,16]